Елордалық кәсіпкер мұқтаж жандарға нанды тегін таратуда

751

Елордалық кәсіпкер мұқтаж жандарға нанды тегін таратуда

Астанадағы Есенберлин көшесі 2 үй және Жеңіс даңғылы 55 үй мекен-жайында орналасқан дүкендерде күн сайын сағат 8.30-дан бастап бөлке нан таратылады. Дүкен кассаларының жанына нанға толы арнайы сөре қойылған. Маңдайшасында мұқтаж жандарға тегін берілетіні жазылған, деп хабарлайды astana.gov.kz.

"Бұл ешқандай да маркетингтік немесе жарнамалық сипаттағы шара емес. Бұл серіктесіміз бен менің компаниямның бастамамыз бен мұқтаж жандарға берген көмегіміз. Бір дүкенде акцияны серіктесім, ал екінші дүкендегі акцияны менің компаниям қаржыландырады. Күн сайын таңертеңгілік мұқтаж жандарға нанды тегін береміз. Шын мәнінде ол нанды көмекке мұқтаж жандар алып отыр", - деді кәсіпкер Алмас Ким.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл бастаманың қолға алынғанына бір жылдан асты. Нанды кез-келген адам қалағанша ала алады.

"Егер басқа да кәсіпкерлер осындай бастама көтеріп, мұқтаж жандарға көмек беремін десе, біз қолдау көрсетеміз. Нақты айтқанда дүкендерімізде аталмыш сипаттағы акцияларды ұйымдастыруға дайынбыз", - деді кәсіпкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу