Елордалық кәсіпкер Президентке үндеу жолдады

573

"Біз біргеміз" акциясы бойынша қоғамның осал тобына жәрдемдескен Дмитрий Шмидт енді өзі халықтан көмек сұрап отыр.

Елордалық кәсіпкер Президентке үндеу жолдады

Бұл туралы кәсіпкер Инстаграм желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

"Осындай қиын кезеңде сіздерді қолдаудың орнына керісінше көмек сұрауға мәжбүрмін. Басқа амалым жоқ. Мені тығырыққа тіреді. Мен абақтыда отыратындай қылмыскер емеспін. Ешкімнен ештенке ұрлаған жоқпын. Мені танитын достарым, таныстарым осы жазбамды жан жаққа таратуды сұраймын. Тек сонда ғана менің жан айқайым Мемлекет басшысына жетуі мүмкін", – деп жазды кәсіпкер. 

Дмитрий Шмидт өзінің үндеуінде төтенше жағдай кезінде халыққа көмектескенін, сол үшін қарызданғанын айтады. Кәсіпкер қазір оған тергеушілер алаяқтық фактісі бойынша  айып тағып отырғанын жеткізді.

"Менің басқа компанияларға қарызым бары рас. Мен оны жоққа шығармаймын. Бірақ мен қайырымдылықты ешкімнен ақша жымқырмай, адал ниетіммен жасадым. Егер алаяқ болсам  менің бірнеше пәтерім болар еді. Менде бірде бір жеке пәтер жоқ. Ал жалға алып отыған баспанамның ақшасын төлеу үшін әйелімнің ұялы телефонын өткізуге мәжбүр болдым", – деді кәсіпкер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу