Елордалық кәсіпкерлер мүлік иелері бірлестігіне шағымданды

468

Астанада тұрғын үйден орын жалдап, кәсіп ашқан азаматтар мүлік иелері бірлестігіне шағымданды.

Елордалық кәсіпкерлер мүлік иелері бірлестігіне шағымданды

Астанадағы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде орналасқан коммерциялық нысандардың иелері мүлік иелері бірлестіктерінің әрекеттеріне шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астанада тұрғын үйден орын жалдап, кәсіп ашқан азаматтар мүлік иелері бірлестігіне шағымданды.

Сөздерінше, олар тарифтерді 3 есе көтерген. Одан қалды қызмет көрсетуші ұйымның жұмысына көңілдері толмайды. Бүгін бір топ кәсіпкер арызын арқалап "Атамекен" палатасына барды.

Сондай шағым түсірушілердің бірі – кәсіпкер Оксана Филиппова 

"Біз тұрғындар тарапынан түсініспеушілікке тап келіп отырмыз. Сондай-ақ бізге тым жоғраытарифтер белгіленеді. Заң бойынша біз тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иесімен бірдей құқықтарымыз бар. Яғни біздің құқықтарымыз бұзылған. Қазіргі тариф бойынша бізтұрғын үйдіңтариф шығындарының шамамен 40% төлеуіміз керек. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен жүк. Біз тұрғындармен келісіміге келуге талпынсақ та, қарсы тараптан жауап жоқ. Сондықтан біз қазір тиісті инстанцияларға жүгініп бастадық. Тұрғындарға салсақ, тұрғын кіреберіс тораптарын, шұғыл істеуді қажет ететін ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарының бәрін біздің көтеріп алғанымызды қалайды", – деді кәсіпкер Оксана Филиппова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу