"Астана Арена" стадионында чемпиондар лигасының "Астана - Селтик" арасында өткен матчында елордалық команда меймандарды 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарымта кездесудің алғашқы таймы 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Нақтырақ айтқанда, 27 минутта "Селтик" командасының ойыншысы Айердің автоголы астаналықтарды алға шығарған. Көп кешікпей 34 минутта Скот Синклердің қарымта голы есепті теңестірді. Алғашқы таймға қосымша екі минут қосылғанымен, есеп сол қалпында қалды. Екінші тайм астаналық Серікжан Мұжықовтың голы мен Патрик Твумасидің дублімен астаналықтардың айбынын асырып тастаған болатын. Бірақ, 82 минутта "Селтик" сапындағы Нчам Оливер есеп аралығын жақындата түсті. Тіпті 90 минуттағы Ли Графитстің меймандар үшін соққан үшінші голы есепті 4:3-ке жеткізді. Ойын 4:3 есебімен "Астананың" пайдасына шешілді.