Елордалық құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты

122

Өрт өршіп кеткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордалық құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін Нұра ауданындағы Үркер тұрғын алабы, Хамза Есенежанов көшесінде бір қабатты ғимараттың шатыры 280 ш.м. алаңда өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде ашық жану және шатырдың құлауы орын алды. 

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт орнынан 5 газ баллоны шығарылып, жарылыстың алдын алды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу