Ағымдағы жылғы қыркүйек айының 14-15 күндері аралығында Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінде "Донор күні" арнайы акциясы өтті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, акция шеңберінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қызметкерлері, қатысты. Барлығы 40-қа жауық адам донор болды.
Қан тапсырып, көмек беруге Департаменттің және Өрт сөндіру қызметінің басшылығы мен жеке құрамы келді. Өзінің азаматтық міндеттерін орындауға тәжірибелі құтқарушылардан бөлек, Өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері де қатысты. Олардың басым бөлігі алғаш рет қан тапсырса да, бұл іске жауапкершілікпен қарады: барлығы медицина қызметкерлерінің ұйғарымына сәйкес қан тапсыруға дайындықпен келген.
Айта кету керек, қан және қан өнімдерін құюдың арқасында жыл сайын дәрігерлер миллиондаған адамды құтқарады, өміріне қауіп келтіретін жағдайы бар емделушілердің өмірін ұзартады. Мамандардың айтуынша, қан тапсыру донордың өз денсаулығына да пайдалы. Донорлық ағзаның қан-айналымын реттеп, иммундық жүйені нығайтады.
Осылайша, Астаналық ТЖД қызметкерлері тек қана төтенше жағдайларда ғана емес, дертке шалдыққан адамдарға қан тапсыру арқылы да олардың өмірін құтқарады.