Осыдан 13 жыл бұрын, 2010 жылдың ақпан айында елордада бұрынғы бомбапана ғимараты өртенген болатын. Үш қызметкер сол өрттен оралмады.
17 ақпанда "Құтқарушылар" саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтары қойылып, құтқарушылар қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Алдымен, бір өрт сөндіруші жоғалып, оны іздеуге кеткен 2 қызметкер де қайтып келмеді.
Валерий Михайлович Зайцев елордада қиын және ауыр өрттерге шыққан. Сол күні полковниктің оқиға орнын жіті қарап, мән-жайды анықтау және әріптесін құтқару үшін өртке өзі шыққан болатын.