Елордалық лифтілердің бірінде жарнама тақтасын сындырған ер адам ұсталды

539

Полицейлер жалпы үй мүлкін сындырған мас елордалықты ұстады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сілтеме беріп.

Елордалық лифтілердің бірінде жарнама тақтасын сындырған ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде елордалық лифтілердің бірінде ер адамның жарнама тақтасын сындырып жатқан видеосы тарады.

Оқиға 29 тамызда сағат 01.15-те Момышұлы даңғылындағы тұрғын үй кешенінің кіреберісінде орын алғаны анықталды. Аталған үйдің тұрғыны лифтіге кіріп, сөмкесінен қысқышты алып шығып, жарнама тақтасының мониторын ұрып жіберген.

Алматы ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы 34 жастағы қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал қозғады. Түпкілікті шешімді Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу