Елордалық науқаспен бірге келген 14 жолаушы 4 қалаға жетіп үлгерген

4486

Барлық жолаушылар провизорлық стационарға оқшауланды.

Елордалық науқаспен бірге келген 14 жолаушы 4 қалаға жетіп үлгерген

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Миланнан коронавирус жұқтырып оралған науқаспен бірге келіп, өңірлерге тарап кеткен жолаушылардың қай қалаларда екенін айтты.

"Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығының дене қызуын тексеріп отырмыз. Дәрігерлер барып, қарап жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Олардың арасында қызуы көтерілгендер жоқ. Өңірлерге тарап кеткен 14 жолаушы ауру жұқтырмағанын айтқым келеді. Олар қазір түгел провизорлық стационарларда оқшауланған. Расымен 14 азамат өңірлерге тараған. Ол өңірлер – Алматы, Атырау, Қарағанды және Ақмола облысының Степногорск қаласы", – деді басқарма басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу