Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

138

Чемпионатқа Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия және Словакия сынды елдерден 68 команда қатысты.  

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды Фото: gov.kz

Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Команда бұл чемпионатқа Астанада өткен Central Asia First Championship турниріндегі сәтті өнер көрсетудің нәтижесінде жолдама алған.

Қазақстан құрама командасындағы Астана қаласының оқушылары жарыста үздік нәтиже көрсетіп, бірден екі басты марапатты жеңіп алды. Оқушылар робот-ойын бойынша 1 орын және жарыстың үздік командасы атанды.

Робот-ойыннан бөлек, қатысушылар "artifacts.kz" атты Қазақстандағы археологиялық артефактілердің онлайн-базасын ұсынды. Жоба аясында оқушылар идеядан бастап зерттеу, техникалық әзірлеу және профильді институттармен байланысқа дейінгі толық процесті көрсетті.

Жоба технологиялық деңгейімен ғана емес, ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесімен де жоғары бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу