Астаналық оқушылар заң мен құқықты тереңдетіп оқитын болды. "Заң және тәртіп" идеологиясын іске асыру шеңберінде бүгін елордадағы 97-ші мектеп-гимназиясында "Әділдік алаңы" кабинеті ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Онда оқушылар 8-ші сыныптан бастап конституциялық құқықты жетілдірілген тәсілмен оқи бастайды. Яғни осы жоба арқылы мектеп басшылығы теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға ниетті. Бұл мақсатта бүгін Мақсұт Нәрікбаев атындағы заң университеті, Еуразия ұлттық университеті және Есіл университеттерімен меморандум жасалды. Сондай-ақ, 8-ші сыныптың 50 оқушысы Әділет жобасына қабылданды. Шараға қатысқан қадағалаушы орган өкілдері бұл бастама балалардың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және заңға деген құрметін қалыптастыруға негіз боларына сенімді.