2023 жылғы 3 мамыр күні сағат 15.08-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қараөткел көшесіндегі Шұбар шағын ауданында түтін көрініп тұрғаны туралы хабарлама бойынша шықты. Өрт сөндірушілер 8 минутта келіп жеткен кезде "Алтай Апартаменттер" қонақ үйінің аумағында ішінде газ толтырылған цистернаның (сыйымдылық) вентильдерінен алаулап газ жанғаны анықталды.
Шақыртудың жоғарғы рангы бойынша жұмыс істеген өрт сөндірушілер қонақ үй ғимаратын салқындату және қорғау үшін оқпандарды қолданды. Қала әкімдігі ТЖД жеке құрамындағы 40 адамды тамақпен қамтамасыз етті. Араға 8 сағат салып, өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары - өрт сөндіру жетекшісінің басшылық етуімен, өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел жұмыстардың және дұрыс қабылданған шешімдердің нәтижесінде, өмірге қауіпті ортада өз өмірлерін қауіпке тігіп, ержүректілікпен және қайсарлық көрсеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірді.
Осылайша, елордалық өрт сөндірушілердің күшімен қонақ үй кешені мен жақын маңдағы тұрғын үйлердің қирауына жол берілмеді.