Елорда әуежайы маңындағы өрт өршіп барады

485

Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 40 адам және  5 бірлік техника мен әкімдіктің 4 су шашатын машинасы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Елорда әуежайы маңындағы өрт өршіп барады Фото: ҚҚР ТЖМ

Сағат 14.30-да жағдай бойынша құрғақ пен қамыс өртенген аумақ шамамен 3 гектарды құрады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталатын болады.

Оттың тез таралуы екпінді жел соғуы мен құрғақ өсімдіктерге байланысты өртті сөндіру қиындады.

Құрметті азаматтар, өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты құрғақ шөп пен қамыстың өртену жағдайлары жиілеп барады.

– кез-келген ашық от көздерімен жұмыс істегенде абай болыңыз;

- табиғатта болған кезде жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын тастамаңыз, балалардың сіріңкемен және отпен ойнауына жол бермеңіз, аң аулауда жанып тұрған материалдардан жасалған қылшықтарды пайдаланбаңыз, от жағып, ғимараттардың жанында қоқыстарды өртемеңіз.

- отты тек топырақ қабатына дейін тазартылған жерде жағыңыз. Демалыс орынынан кету кезінде жану және бықсу ошағында алауды сумен немесе  топырақпен толық тоқтағанға дейін сөндіріңіз. Шыны ыдысты және сынған әйнекті қалдырмаңыз.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өрттің пайда болу ықтималдығын жояды және сіздің өміріңіз бен мүлкіңізді сақтайды, делінген ТЖД хабарламасында. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Елорда әуежайы маңында қамыс өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу