Елордалық Палатаның өңірлік кеңесіне сайлау: 50-ден астам үміткер бар

955

Әйелдер мен жас бизнесмендер үлкен белсенділік танытуда. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.

Елордалық Палатаның өңірлік кеңесіне сайлау: 50-ден астам үміткер бар

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне сайлауға түсу үшін өтінімдерді қабылдаудың алғашқы аптасында 50-ден астам адам қатысуға ниет білдірді, деп хабарлады палатаның баспасөз-қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов үміткерлердің қатарында қазіргі құрам мүшелері де, өңірлік кеңес құрамында бұрын болмаған адамдар да бар екенін айтты.

Әйелдер мен жас бизнесмендер үлкен белсенділік танытуда. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.

"Олар экономиканың түрлі секторларын, соның ішінде құрылыс, автотасымалдау, медицина, мектепке дейінгі білім беру, сондай-ақ өндіріс пен салалық қауымдастықтарды қамтиды. Біз бизнес тарапынан мұндай белсенділікке өте қуаныштымыз. Нұр-Сұлтан қаласының бизнес-ахуалын жақсартуға үлес қосқысы келетін барлық кәсіпкерлерді палатаның өңірлік кеңесіне сайлауға қатысуға шақырамыз. Шағын және орта бизнестің  мәселелерін бірлесіп шешейік!", – деді Алмат Жүнісов.

Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну мерзімі 15 шілдеге дейін, одан кейін 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат науқаны басталады, онлайн-режимде дауыс беру 20-22 шілде аралығында өтеді.

Дауыс беру vote.atameken.kz сайтында өтеді, оған тіркелген кәсіпкерлік субъектілері ғана қатыса алады.

Құжаттарды Б. Момышұлы даңғылы, 2/11 мекенжайы бойынша, Нұр-Сұлтан қ. кәсіпкерлер палатасының кеңсесі, байланыс телефоны 91-90-85 немесе vote.atameken.kz сайты арқылы онлайн тапсыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу