Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"102 арнасы арқылы кезекші бөлімге "Архар" көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдік болды. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды. Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты," - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған. Кейін жасөспірім ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.