Астананың көпқабатты үйінде болған өрттің салдарынан азаматтарды құтқару кезінде елордалық ТЖД-ның екі өрт сөндірушісі зардап шекті. Олар күйікпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге шұғыл түрде қан қажет болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisa.kz-ке сілтеме жасап.
Көмекке Астана қаласы Полиция департаментінің полицейлері үлестерін қосты. Олар өрттен зардап шеккендер үшін қан тапсырды.
Тәртіп сақшылары әрқашан көмектесуге дайын және олар тапсырған қан адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу