Елордалық спортшы Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайды

821

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасынан 25 спортшы спорттың жеті түрінен сынға түседі. 

Елордалық спортшы Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайды

Жапония астанасы Токиода 24 тамыз күні XVI жазғы Паралимпиада ойындары өз жалауын желбіретеді. Төрт жылдықтың дүбірлі додасында елордалық спортшы Сиязбек Далиев жүзуден ел намысын қорғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сиязбек Далиев – жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылы өткен пара Азия ойындарының жеңімпазы және биылғы ашық Еуропа чемпионатының жеңімпазы.
Алдағы бәсеке – Сиязбектің спорттық карьерасындағы алғашқы Паралимпиада ойындары.

Сиязбек жарақат алып, қос қолын жоғалтқанға дейін түрлі спорт түрлерімен айналысқан. Солардың бірі – күрес. Спортшының айтуынша, оған бұл спорт түрі қатты ұнаған, жетістіктері де көп болған. Дегенмен спортшының өмірінде қиын күндер туып, жарақаты болашақ чемпионның өмірін күрт өзгертті.

Сиязбек тек табысты спортшы ғана емес, бақытты отбасының отағасы, екі ұлдың әкесі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу