Елордалық спортшылар грэпплингтен әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

896

Байрақты бәсекеге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венгрия, Испания, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Филлипин, Хорватия, Қазақстан елінен барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты.  

Елордалық спортшылар грэпплингтен әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

Ресейдің Уфа қаласындада грэпплингтен жастар арасында әлем чемпионаты өз мəресіне жетті. 

Спортшылар 16-17, 18-20 жас бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған дүбірлі додада елорда спортшылары үш алтын, үш күміс, екі қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алихан Хабибулла грэпплингтен 16-17 жас аралығындағы жастар арасында 84 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды. Сол сияқты грэпплинг ги бөлімінен де қарсылас шақ келтірмей алтынан алқа тақты. Тағы бір алтынды ел қоржынына 130 келі салмақта Русланали Мұхамадиев салды.

Ал өз кезегінде грэпплинг бөлімінде Александр Назаренко екінші орын, Заңғар Абзал үшінші орынды иеленсе, грэпплинг ги бөлімінде Заңғар Абзал, Кирилл Ткач күміс жүлде, Нұржан Батырбеков қола жүлдені жеңіп алды.

Аталған чемпионатта ел құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу