Елордалық студент робототехникадан тегін онлайн курсын іске қосты

633

Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша "Beyond Robotics" тегін онлайн курсын іске қосты. Курсқа робототехника бойынша үздік қазақстандық тренерлер мен америкалық ЖОО профессорларының вебинарлары мен онлайн сабақтары енді.⠀

Елордалық студент робототехникадан тегін онлайн курсын іске қосты

Оқыту "Beyond Curriculum" қоғамдық қорының онлайн-мектебі базасында өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Кішкентай кезімнен бастап құрастыру идеясына қатты қызықтым. Сондықтан Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында робототехника үйірмесіне жазылдым. Біздің жобаларымыз халықаралық аренада, Дүниежүзілік WRO роботтар олимпиадасында ұсынылады деп тіпті елестете алмадым. Жеңістер аз болған жоқ, енді мен робототехниканы оқығысы келетіндердің барлығына көмектесу үшін жаңа мақсат қойып отырмын", – дейді Даниил.⠀

Даниил Филимонов – World Robot Olympiad 2019 халықаралық кезеңінде "Open Senior" санатында үшінші орын, сондай-ақ робототехникадан республикалық олимпиаданың алтын медальдарының (2018, 2019), ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық жарыстың бірінші дәрежелі дипломының (2019), "Ғарыш. Ғылым. Интеллект" Наурыз кездесулерінің екінші дәрежелі дипломының (2019) иегері. ⠀

Даниил өз тобымен бірге робототехника бойынша 10-нан астам тегін онлайн курсын, 25 сағаттық сабақ, 6 вебинар әзірледі, сондай-ақ, Корнелл және Мичиган университеттерінің жүздеген қосымша материалын дайындады.

Оқыту кез-келген дайындық деңгейі бар қатысушыларға арналған: робототехника негіздерінен бастап нейрондық желілерге дейін, практикада құралдармен жұмыс істеу үшін, тіпті оқытушыларға арналған материалдарды да қамтиды. Сондай-ақ, платформада прогресті бақылауға арналған үй тапсырмалары мен тесттер бар. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде де қолжетімді.

Курс негізін қалаушы — Антон Моргунов "Beyond Curriculum" қоғамдық қорының қолдауымен құрылды. Антон – химия пәнінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, бүгінде MIT (Массачусетс технологиялық институты) Химия және биология факультетінің студенті.

Beyond Curriculum – математика, физика, химия, биология, география пәндерінен тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім беру платформасы.

"Біздің команда "Beyond Robotics" тегін жобасының көмегімен робототехникаға қосылғысы келетіндердің бәріне мүмкіндік беруді көздейді. Қазіргі уақытта 100-ден астам оқушы білім алуда, сен де қосыл. Роботтар әлеміне қош келдіңіздер!, – деп "Beyond Curriculum" қоғамдық қоры "Робототехника" бөлімінің басшысы Даниил Филимонов қосылуға шақырды.

"Beyond Robotics" бойынша оқуды бастау үшін онлайн-мектепте тіркелу жеткілікті https://school.bc-pf.org/ және сілтемеге өтіп, каталогтан Робототехника https://robotics.bc-pf.org/  курсын қосу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу