Елордалық такси жүргізушілері шет тілінде сөйлейді

952

Елордалық такси жүргізушілері шет тілінде сөйлейді

EXPO-2017 көрмесінде елордалық такси жүргізушілері шет тілінде сөйлейді. Оларға бұл істе Астананың бірыңғай такси қызметінде қосылған Friendly taxi ақпараттық жүйесі көмектеседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

"Сервис іске қосылды. Біз оны пилоттық режим ретінде өткен жылдың желтоқсан айында бастағанбыз, содан бері жұмыс істеп тұр. Алайда Friendly taxi жазуы жапсырылған мамандандырылған такислерде сервис орнатылған, - деді Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне берген сұхбатында "Астана Конвенш Бюро" ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

Аталған сервис Астананың бірыңғай таксопаркінде қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр. Ол ЭКСПО-ға келетін туристерге тіл мәселесін шешуге көмектеседі. Бірыңғай таксопарктегі ақпараттық жүйе 250-300 көлікке орнатылады деп жоспарлануда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу