Елордалық тәртіп сақшылары есірткі сайттарының трафаретшісін құрықтады

635

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 250 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленіп, 69 есірткі сайты бұғатталды.   

Елордалық тәртіп сақшылары есірткі сайттарының трафаретшісін құрықтады Фото: polisia.kz

Астана қаласының полиция қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалайтын Ақмола облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп жазады Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін ер адамның әлеуметтік желілер арқылы есірткіні жарнамалайтын сайттарды көрсететін граффити суреттерін салу бойынша трафаретші ретінде жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті күндізгі уақытта гараж қабырғаларына граффити сала бастаған.

“Ер адам сурет салу кезінде қылмыс үстінде полиция қызметкерлеріне ұсталды. Тексеру барысында Hyundai автокөлігінің жүксалғышынан бояу баллоны мен трафарет табылды. Күдікті көлікті жеке тасымалдау үшін жалға алған”, - делінген хабарламада.

Оның бұрын сотты болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 299-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу