Елордалық тұрғын 102 нөміріне 99 рет қоңырау шалған

610

Астаналық тұрғынға айыппұл салынды.  

Елордалық тұрғын 102 нөміріне 99 рет қоңырау шалған Фото: tengrinews.kz

Астана қаласының Полиция департаменті келтірілген залалды өндіріп алу үшін азаматтық сотқа материал дайындап жатыр, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елорданың 40 жастағы тұрғыны полицияға 99 рет қоңырау шалған. Ақпаратқа сәйкес, әр шалынған қоңырау бойынша полицияның кешенді күштері, кейде жедел-тергеу топтары да қызмет көрсетуге шыққан көрінеді.

"Мысалы, аталған азаматтан полицияның 102 арнасына сағат 04.24-те Абай даңғылындағы супермаркеттің жанында белгісіз ер адам пышақпен жүріп, адамдарға қауіп төндіріп жүргені туралы бірнеше қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалушы тез әрекет етуді сұраған. Оқиға орнына дереу полиция жасағы шыққан. Алайда тексеру барысында факт расталмады", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол мас күйінде қоңырау шалғанын мойындаған. Оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек қала тұрғынына қатысты қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу