Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Арызданушының айтуынша, сол күні ол екі танысымен кезігіп қалып, Фруктовая көшесіндегі үйінде ішімдік ішіп отыруды ұсынған. Ішкеннен кейін жәбірленуші ұйықтап қалған, ал біраз уақыттан кейін оны қатты оятып, өздері үшін гаджетке несие рәсімдеуді сұраған. Ұялы телефон дүкеніне келіп, ер адам несие алуға тырысқан, бірақ “достарына” оған несиеге бас тартылғанын түсіндіргенде, одан Samsung маркалы телефоны мен қолма-қол ақшасын ашық түрде алып кеткен.
Күдіктілердің 37 және 43 жастағы ер адамдар екені анықталды. Сондай-ақ, олар бұрын ұрлық пен бұзақылық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Ұсталған азаматтар УҰИ-ға қамалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.