Елордалық тұрғынның көлігінен 15 қап ақбөкен еті табылды

1008

Қарағанды облысында 15 қап ақбөкен етін алып бара жатқан елордалық ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Елордалық тұрғынның көлігінен 15 қап ақбөкен еті табылды

13 желтоқсанда Қарағанды облысы ПД Шет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері облыстың ПД патрульдік полиция батальонының жасағымен бірлесіп "Ақбөкен" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізген.

"Тәртіп сақшылары түн жарымында Алматы-Екатеринбург тас жолымен келе жатқан көлікті тоқтатқан. Нұр-Сұлтан қаласының 48 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тексеру кезінде 15 қап ақбөкен еті, кесілген карабин, патрондар тауып, тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыта тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу