Елордалық үлескерлік құрылыс нысандарын салушыларға талап күшейтілді

1020

Елордалық үлескерлік құрылыс нысандарын салушыларға талап күшейтілді

Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошуннің төрағалығымен құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерде заңсыз баспаналарды сатудың алдын алуға бағытталған кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Жиналыс жұмысына Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының, тұрғын үй құрылысына кепіл беру қорының және 200-ге жуық құрылыс компанияларының мамандары қатысты.

Тараптар баспаналарды беру бойынша заңсыз жарнамаларға қатысты, тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы заңында қарастырылған жауапкершілікті бұзу, үлескерлік қатысу саласында заң бұзғандарға қатысты өкілетті огандар қолданатын жаза туралы бірнеше өзекті мәселелер талқылады.

"Біз сіздермен бірнеше рет үлескерлікпен қатысу туралы заңын сақтауды талқыладық. Алайда кейбір компаниялар біздің ұсыныстарымызды елемеді, сол себепті азаматтардың құқығын бұзуға қатысты бірнеше ірі қылмыстық іс қозғалған. Біз үлескерлік құрылыс туралы жаңа заңды сақтауды қатаң ескерттік. Салушылардың жартысы осы уақытқа дейін үйді салып, пәтерлерді таратып үлгерді. Біз бұл процесстерді жоғарыдағы басшылармен келісіп іске асыруға мүмкіндік бердік. Құрылысшыларға жаңа заңның талабына сай бастаған құрылыстарын үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін бітіруге мүмкіндік бердік. Сондай-ақ, инвесторлар қаржысын тарту бойынша кез келген жарнамаға жол бермейміз. Алайда бүгінгі күні 20-дан астам құрылыс компаниясы заң талаптарын орындамаған, сол себепті оларға қатысты қылмыстық із қозғалды", - деп баса айтты құрылыс компанияларының өкілдеріне Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун.

Бұдан бөлек, салушыларға тұрғын үйлер құрылысына азаматтар ақшасын тарту механизмі бойынша үлескерлік қатысу заңының нормалары түсіндірілді.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың 10 қазанында тұрғын үй құрлысында "Үлескерлік қатысу туралы" жаңа заң күшіне енді. Соған сәйкес әкімдіктің рұқсатынсыз немесе кепілдік келісімшартынсыз құрылысқа қаражат тартуға жол берілмейді.

Осы ретте Заңның қолданысқа енгізілуі кезінде бірде-бір үлескерлік қатысу туралы ресми келісімшарт жасалмаған.

Сонымен қоса, "Үлескерлік қатысу туралы" заңның талаптарын сақтамай азаматтық-құқықтық келісім жасалған.

-2016 жылдың қазанына дейін үлескерлер тартылған құрылыс нысандарының жұмысын аяқтау мақсатында күзде Үкімет бұл сұрақты қарастырған болатын. Онда салушыларға 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтауға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданған еді. Сол кезде жүргізілген тексерістің нәтижесінде қолданыстағы Заң негізінде тұрғындар қаражатын заматтық-құқықтық келісім жолымен алған елорда төңірегінде 49 нысан салушы анықталған болатын. Алайда бұл салушылар әкімдіктің рұқсатынсыз ары қарай да азаматтардың қаражатын тарта беру құқығы бар деген сөз емес еді, - дейді Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары.

Тек соңғы аптаның қорытындысы бойынша 23 нысанда пәтерлерді сату бойынша заңсыз жарнама жүргізілгені анықталды. Бұлар бойынша материалдар салушыларға қатысты шара қолдану үшін Астананың ішкі істер департаменті мен мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілген. 
Көрсетілген компанияларды қылмыстық жауапкершілікке тарту прокуратура органдарының қадағалауына алынды.

Жиналыс қортындысы бойынша заң бұзушылықтарға жол бермес үшін құрылыс компанияларына жауапты ведомство мамандарынан нақты ұсыныстар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу