Елордалық жастар Республика күніне арналған челлендж бастады

424

Еріктілер, спортшылар, белсенді жастар мен оқушылар челленджге қосылып, Республика күніне орай патриоттық ән шырқады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық жастар Республика күніне арналған челлендж бастады Фото: Астана әкімдігі

Елордалық жастар қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, патриоттық ән шырқады.

Музыкалық челленджге балабақша бүлдіршіндері, мектеп оқушылары, шығармашылық балалар ұжымдары, колледждер мен ЖОО студенттері, спортшылар, еріктілер қосылды.

Республика күніне орай елордада 200-ден астам түрлі іс-шара, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Көмекке мұқтаж азаматтарға дәстүр бойынша мыңнан астам азық-түлік себеті таратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу