Осы жаңашылдық аясында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйде тұратын жастар үшін жас шектеулері мен мамандыққа қойылатын талаптар алынып тасталды, одан жалға алушылар жалдау мерзімі, яғни 5 жыл өткеннен кейін шығарылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазір олар үшін басты шарт – төлем қабілеттілігін банк арқылы растау. Егер табыс жеткіліксіз болса, бірлескен қарыз алушыларды тарта аласыз. Жұмыс істейтін жастар санатындағы негізгі жұмыс берушінің тұрақты табысы болмаған жағдайда (мысалы, декреттік демалыста немесе жұмыссыз болса), несие алуға өтініш беруге жұбайының қатысуы (болған жағдайда) рұқсат етіледі", – деп хабарлайды Астана тұрғын үй орталығы.
23 қаңтардан бастап елордалық Тұрғын үй орталығында "Отбасы Банкі" АҚ қызметкерлері сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға алу шарты 2025 жылдың наурыз айында аяқталатын жастарға кеңес беріп, төлем қабілеттілігін алдын ала тексеруде.
Осы санаттағы жастарға арналған бағдарламаны іске асыру және "Елорда жастары" бағдарламасы аясында несиелеуді одан әрі рәсімдеу Астана қаласының Тұрғын үй орталығында және "Отбасы Банкі" АҚ филиалдарында осы жылдың ақпан айының бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады.
Тұрғындар арасында басқа санаттар үшін қызмет саласына қарай "Елорда жастары" бағдарламасының талаптары өзгеріссіз қалады. Бағдарламаға Астанадағы мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдардың жас қызметкерлері тартылады.
"Елорда жастары" бағдарламасы бойынша жастарға баспана алу үшін жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беріледі. Несие сомасы жинақтау мерзіміне қарамастан тұрғын үйдің нарықтық құнының 10% мөлшерінде бастапқы жарнаны жинақтау шартымен 18 млн теңгеге дейін. Несие мерзімі – 19 жылға дейін. Жастар пәтерді бастапқы және нарықтан сатып ала алады.
Биыл "Елорда жастары" жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасына жалға беру шарттары 2025 жылы бітетін азаматтар жіберіледі.