ТЖД бастығы генерал-майор Қ. Базарбаев депутаттарды қызметкерлердің жұмысымен, бар проблемалық мәселелерді көрсете отырып, құтқару бөлімшесінің жабдықталуымен таныстырып, жеке құраммен әңгімелесу өткізді.
Бүгінгі таңда Астана қаласындағы жедел-құтқару жасағының штат саны 74 адамды құрайды. Өз қызметінде құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша міндеттерді орындайды. Жасақтың жарағында 15 бірлік техника, 25 бірлік жүзу жабдығы, 147 түрлі апаттық-құтқару құралдары бар.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел-құтқару жасағы ТЖ орнына 302 жедел шығып, оның барысында 45 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды.