Елордалық Жəмилə Бақбергенова 3 дүркін Азия чемпионы атанды

633

Жәмилә Бақбергенова ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтты. 

Елордалық Жəмилə Бақбергенова 3 дүркін Азия чемпионы атанды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатында спортшы Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордалық Жәмилә Бақбергенова (72 кг) ақтық сында жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтып, Азия чемпионатында топ жарды. Ол сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны атанды. Отандасымыздың еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі (3 алтын, 1 күміс, 1 қола) бар.

Азия чемпионатындағы жеңісіңіз арқылы сіз еліміздің мерейін тағы да үстем етіп, жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйладыңыз! Өскелең ұрпаққа шыдамдылық пен жеңіске деген ерік-жігердің ерекше үлгісін көрсеттіңіз, деп құттықтады Елорда әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға сары құрлықтың 24 елінен 400 палуан қатысып отыр. 6 күнге созылатын жарыста жалпы есепте 30 салмақ дәрежісінде жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады. Күрестің әр түрінен 10 медаль жиынтығы ойнатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу