Астаналық 7 жасар оқушы халықаралық ғылыми Олимпиадада алтын еншіледі

154

Бүлдіршін қарсыластарынан оза шауып, бас жүлдені алды.

Астаналық 7 жасар оқушы халықаралық ғылыми Олимпиадада алтын еншіледі Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет халықаралық "StemCo" халықаралық Олимпиадасына қатысып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сол сияқты 4-сынып оқушысы Зере Ақболат 3-орынға ие болып, қола жүлде алды.

Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен 7 жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. 

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Бақдаулет "Математика және science" пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, 1-орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты. Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат "Жаратылыстану" пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу