Елордалық жігіт сүйіктісіне ұрланған бұйымды сыйлаған

183

Күдікті қылмысын мойындады. 

Елордалық жігіт сүйіктісіне ұрланған бұйымды сыйлаған Фото: modniy.mir

Астаналық жігіт сүйіктісіне ұрланған бұйымды сыйлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол бұрынғы қызының сенімін пайдаланып, үйіне қонған кезде бағасы 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлаған.

Жәбірленуші тұрғын жігітінің қазіргі қызының әлеуметтік желіге жариялаған фотосынан таныс бұйымды көрген. Яғни арызданушы қымбат білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін ғана байқаған.

Ол өзінің білезігі ұрланғанын нақты білген соң, дереу полицияға арызданды. Қаскүнем жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу