Елордалық ЖОО түлектерінің бірыңғай базасы әзірленеді

938

Сондай-ақ барлық сауда ойын-сауық орталықтарында жастарға көмек көрсету орталықтары ашылады.

Елордалық ЖОО түлектерінің бірыңғай базасы әзірленеді

Биыл Астананың жоғары оқу орындары түлектерінің бірыңғай базасы әзірленеді. Бұл туралы Астана әкімдігінде өткен Жастар ісі жөніндегі кеңесте Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.

"Жастар жылының ашылуында сөз сөйлеген мемлекет басшысы жұмыс – бұл адамның әл-ауқатының негізгі көзі екендігін айтқан болатын. Сондықтан біздің Жол картамызда жастарды еңбекке ынталандыруға, жұмысқа орналасып, еңбекпен айналысуына жағдай жасауға айрықша мән берілген", – деді Есин.

Оның айтуынша, бұл үшін елорданың барлық сауда ойын-сауық орталықтарында Жастарға көмек көрсету орталықтары ашылатын болады.

"Аталған орталықтарда  жастардың мемлекеттік қолдау шараларымен танысып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін зерделеуіне барлық жағдай жасалады. Бұл ретте біз елордалық жоғары оқу орындары түлектерінің бірыңғай мәліметтер базасын әзірлейтін боламыз. Ол әрбір әлеуетті жұмыс беру үшін ашық түрде қолжетімді болып жасалады", – деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу