Елордалық Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады

1017

Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі 25 ) және "Жанұя" отбасын қолдау орталығында (Бейбітшілік көшесі 14) азаматтарды қабылдауы уақытша тоқтатылады.

Елордалық Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады

Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін онлайн режимде ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020 жылдың 22 маусымынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн режимінде жұмысқа ауысады.

"Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы, COVID-19 короновирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі 25 ) және "Жанұя" отбасын қолдау орталығында (Бейбітшілік көшесі 14) азаматтарды қабылдауы уақытша тоқтатылатынын болады", – деп жазылған хабарламада.

Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтердің спектрін 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электронды пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады.

Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fs: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу