Елордалықтан ірі көлемдегі мефедрон есірткі заты тәркіленді

445

Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz cілтеме жасап хабарлайды

Елордалықтан ірі көлемдегі мефедрон есірткі заты тәркіленді Фото: inbusiness.kz

Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.

"22 жастағы елорда тұрғынын тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді. Ол қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу