Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 15-18 қараша аралығында "Астанабасжоспар" ҒЗЖИ ғимаратында танысуға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Ғимаратқа кіру үшін жеке куәлік қана қажет.
Қоғамдық талқылау процестерін оңтайландыру мақсатында жобалық материалдар Астананың барлық әкімшілік аудандарында 1 күн аралықпен ұсынылатын болады:
15 қараша-Алматы ауданы;
16 қараша-Байқоңыр ауданы;
17 қараша-Есіл ауданы;
18 қараша-Сарыарқа ауданы.
"Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді genplan_2035@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады: елорда өміріне белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз", – деп толықтырды басқармада.