Астаналықтар Әзербайжан елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр

183

Бауырлас елге көңіл айтуға қарапайым тұрғындар, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер, мұғалімдер, мектеп оқушылары мен студенттер де келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астаналықтар Әзербайжан елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр Фото: Аманат

"Астанадағы Әзербайжан диаспорасынан келіп тұрмыз. Қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысты. Әзербайжаннан әуе апатында көз жұмған адамдардың туыстары хабарласты. Олармен байланыстамыз. Таңнан бері тыным таппай қол ұшын созып, көмектесіп жатқан қазақ жұртына алғысымызды айтамыз. Аман қалғандар дер кезде ауруханаға жетіп, жағдай жасалып жатыр", – дейді Астанадағы Әзербайжан диаспорасының бас имамы Гашим Агаев.

Сондай-ақ, елордадағы Әзербайжан азаматтары келіп, марқұмдардың рухына тағзым етті.

"Мен өзім Әзербайжан азаматымын. Астанада оқимын. Қайғылы хабарды таңертең естіп, жаныма қатты батты. Марқұмдардың туыстарына көңіл айтамын. Негізі бүгін құрбым осы рейспен келу керек болған Астанаға. Абырой болғанда, жолға шықпады", – деді Әзербайжан республикасының азаматы, студент Симара Гусейнова.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу