Елордалықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады

201

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Елордалықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады Фото: canva.com

Елорда тұрғындары 26 шілде күні сағат 21:00-де Орталық саябақтағы "Қазақстан күні" монументі (сағат) жанында Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал спортшы Айтым Жақыпов концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу