Портал арқылы кезекке қою үшін www.egov.kz тек ЭЦҚ қажет. Кірістер, адрестік тіркеу, санатқа жататындар туралы барлық басқа деректерді база өзі көреді.
Тұрғын үй кезегіне азаматтардың қай санаттары тұра алады?
• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
• жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• халықтың әлеуметтік осал топтары;
• көпбалалы отбасылар;
• мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызметтерді атқаратын адамдар;
• жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдай деп танылған азаматтар.
Халықтың әлеуметтік осал топтары дегеніміз кім?
• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
• мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
• кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар:
• қарт азаматтар;
• жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
• көпбалалы отбасылар;
• толық емес отбасылар;
• I және II топтағы мүгедектер;
• оралмандар;
• экологиялық зілзала, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан үйінен айырылған адамдар;
• мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қандай құжаттар қажет?
Тек ЭЦҚ.
Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезегіне тұру үшін кемінде үш жыл бір мекенжайда тұрақты тіркелген болуы қажет. Кезекке тұрған адамның отбасы мүшелерінде кезекке тұрған сәтте және соңғы 5 жылда ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үй мүлкі болмауға тиіс.