31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала тұрғындары мен қонақтары жаңажылдық отшашуды тамашалай алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фейерверкті Есіл өзенінің жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көруге болады.
Салют жергілікті уақыт бойынша 00:00 басталып, 7 минутқа созылады. Фейерверк биіктігі-210 метр, ені-250 метр.
Әр нүктеден 3500-нан 4000-ға дейін салют ату жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу