Ал қала тұрғындарының саны 4 есеге артқан. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты елорданың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумының салтанатты ашылуында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Орнықты даму саласындағы БҰҰ мақсаттарының бірі қаланы дамытуға арналған. Бұл кездейсоқ емес. Қазақстанда біз осы бағытқа ерекше назар аударамыз. Әлемнің жылдам дамып келе жатқан астаналарының қатарына кіретін елордамыз басқа қалалардың дамуына үлгі болады. Өткен ширек ғасырда еліміздің бас қаласының аумағы 3 есе ұлғайып, халқының саны 4 есе өсті. Сарапшылардың болжамы бойынша елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 2 миллионға жетеді", - деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, ел астанасы мәртебесіне ие болған сәттен бері қаланың экономикалық әлеуеті 100 еседен астам артқан.
"Қазір қала экономикасы елдегі жалпы ішкі өнімнің 10 пайыздан астамын құрайды", - деді Президент.