Астана қалалық ІІД елорданың жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып 2017 жылғы қаңтардан бастап тәртіп бұзушыларға жиі салынатын әкімшілік айыппұл түрлерінің тізімін жасады, деп хабарлайды elorda.info.
1. Қала көркіне нұқсан келтіру, инфрақұрылым нысандарын бұзу, көгалдандырылған жерлерді жайпау фактісі бойынша - 13 394 қылмыс жасалған. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл- 45 380 тенге.
2. Рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу бойынша 9 857 факті тіркелген. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл 6 807 тенге.
3. Мас күйінде қолға түсу бойынша - 8 716 заңсыздық анықталған. Айыппұл-11 345 тенге 4. Жұрттың тынышын алу (түн уақытында 23.00-ден таңғы 6-ға дейін) - 3 052 заңсыздық жасалған. Айыппұл-11 345 тенге.
5. Бұзақылық - 2 286. Айыппұл - 22 690 теңге немесе 10 күнге әкімшілік қамауға алынады.
6. Жөн жосықсыз жұрттың шалғайына жармасу (көшеде тауарын тықпалау, қайыр сұрау, бал ашу т.т) - 968 қылмыс. Айыппұл- 11 345 теңге.