Елордалықтарға жалған концерт билеттерін сатқан алаяқ анықталды

533

Алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны анықталды. 

Елордалықтарға жалған концерт билеттерін сатқан алаяқ анықталды Фото: polisia.kz

Жігіттің Instagram әлеуметтік желісі арқылы әншілердің концерттеріне билет сатамын деп жарнама орналастырғаны белгілі болды. Осылайша, әйгілі әншінің мерекелік кешіне бармақшы болып билет сатып алған қала тұрғыны, алаяққа 50 мың теңгені аударып жіберген. Алайда, ол концертке келгенде билеттің жалған екендігін анықтаған, ал күдікті байланысқа шықпаған.

Алданғанын түсінген қыз полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас айламен бірнеше елорда тұрғынын алдағанын анықтады. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу