Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында газдандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Қазір Көктал-2 елдімекені тұрғындарының үйлерін көгілдір отынға қосу және жұмыстарды қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін осы елді-мекенде ішкі желілерге газ берілді. Сонымен бірге, газ Железнодорожный елді-мекеніне де беріліп, қараша айында орталықтандырылған газбен жабдықталды. Жалпы, қала ішіне 300 шақырымнан астам газ құбырлары тартылды", – дейді әкім.
Оның айтуынша 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізіп, 5 мыңнан астам адам фронт-офистерде кеңес алды. Тұрғындарға ақысыз берілетін есептегіштер қарастырылған.