Елорданы сумен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып қала береді

Астана су қоймасының түбін шөгінділерден тазарту керек.  

Елорданы сумен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып қала береді Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі
Зүлфия Сүлейменова баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 
 
Биыл елордаға тұрақты су беру үшін Министрлік әкімдікпен бірлесіп, 3 жобаны қарастыруда:
Бірінші, Астана су қоймасын толықтыру үшін құрылыстар салынбақ. Оның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 

"Жоба Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзенінің арнасына өткізу, сондай-ақ одан Астана Су Арнасы сорғы стансасының алаңына дейін тіреуіш қоршау құрылысын және су құбырын сала отырып, арнаға су беруді қамтиды. Құрылыстың болжамды мерзімі 2023-2025 жылдар. Бұл жобаны іске асыру су аз жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы арнадан Астана су қоймасына шамамен 62,3 млн м3 қосымша су беруге мүмкіндік береді", – деді министр. 

Астана қаласын сумен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде 67 шақырым су құбырын салумен Нұра жер асты сулары кен орнын пайдалану, ол бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзету қажет, мерзімнің өтуіне байланысты кейіннен ЖСҚ әзірлей отырып бұл бағыттағы жұмысты Астана қаласының әкімдігі жүргізеді. 

Сараптаманың қорытындысы оң болған жағдайда, Министрлік жобаны одан әрі іске асырамақ.

"Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Астана қаласының ҰФС-4-ке дейін су құбырын салу, бұл жоба елорданы одан әрі ұзақ мерзімді даму перспективасы мен халық санының ұлғаюын ескере отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, елорданы сумен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың қысқа мерзімді кешені резервтік жерасты көзін жүргізуді, Есіл өзенінің арнасы бойынша жүру бейінін қалыптастыруды және Қ. Сәтбаев атындағы арнадан су құбырын салуды қамтиды. Сонымен қатар, биылғы жылы су мөлшерінің аздығы мен одан кейінгі су тапшылығын ескере отырып, Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзені бойынша шамамен 60 млн.м3, Нұра өзені бойынша шамамен 95 млн.м3 қосымша су беру туралы бірлескен шешім қабылданды. Сондай-ақ, Астана су қоймасының түбін шамамен 47 млн.м3 көлемінде түптік шөгінділерден тазартуды жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Астана су қоймасын толтыру жобалық 410 млн. м3-ден 334 млн. м3 құрайды", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу