Елорданың 18 жастағы тұрғыны сайлауда алғаш рет дауыс берді

579

Оның айтуынша,  ол сайлау учаскесі ашылғанға дейін келіпті. 

Елорданың 18 жастағы тұрғыны сайлауда алғаш рет дауыс берді Фото: gov.kz

Астананың 18 жастағы тұрғыны Абай Тәңірберген алғашқылардың бірі болып таңертең №379 сайлау учаскесіне анасымен бірге барып, дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

"Бүгін мен үшін тарихи күн. Сайлауда дауыс беру менің азаматтық міндетім деп санаймын. Бірінші болып дауыс беру үшін бүгін ерте тұрып, сайлау учаскесінің ашылуын сағат 6-дан күттім. Мен елдің болашағын анықтайтын үлкен саяси науқанға үлес қосқым келді", - деді ол.

№ 379 сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Садықова тұңғыш рет дауыс берген Абай Тәңірбергенге сыйлық жасап қуантты.

№379 учаскеде барлығы 2494 сайлаушы, 10 076 бюллетень алынды. Ал тіркелген сайлаушылардың 5-еуі 18 жаста, яғни алғаш рет дауыс береді, ал 1 сайлаушы үйінде отырып дауыс береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу