Елорданың 320 мыңнан астам тұрғыны вакцинаның 1-компонентін алды

772

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, 206 мыңнан астам азамат толықтай иммунизацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елорданың 320 мыңнан астам тұрғыны вакцинаның 1-компонентін алды

"Халықты вакцинамен қамту үшін біз медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 3 есе арттырдық. Олардың жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоса алғанда таңғы 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды", – деді Тимур Мұратов. 

Басқарма басшысының баяндауынша, күні бүгінге дейін сауда және ойын-сауық орталықтарындағы вакцинация пункттерінде 50 мыңнан астам адам екпе алды. 

"Өкінішке қарай елордадағы эпидемиологиялық ахуал өткен жылдың жазымен салыстырғанда күрделі болып тұр. Қарапайым профилактикалық талапты сақтасақ, қоғамдық жерлерге көп барудан бас тартсақ жағдай түзеледі. Алайда мұны әркім түсіне бермейді. Бір жарым жыл бойы вируспен күресіп келеміз. Барлық шара халық денсаулығы үшін жасалып жатыр.  Эпидемиологиялық ахуал оң шешімін табу үшін халық вакцинациялануы тиіс. Тек бірлікте ғана иммундық жүйе қалыптасады. Осыны жадымызда сақтағанымыз жөн!" – деп қорытты сөзін Тимур Мұратов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу