Елорданың 7 учаскесінде Bus Lane жолағы іске қосылды

848

Жалпы қалада қоғамдық көлікке арналған жолақтар 26 аймаққа енгізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.  

Елорданың 7 учаскесінде Bus Lane жолағы іске қосылды

Қолданыстағы Bus Lane жолақтарының желісі 74 шақырымды құрайды. Осыған байланысты қоғамдық және жедел жәрдем көліктерінің, сондай-ақ өрт сөндіру техникасының жүру уақыты 10 минутқа қысқарды.

Елордада қоғамдық көлік жолағы 6 жыл бұрын пайда болды. Bus Lane-нің арқасында автобустардың жолда жүру уақыты қысқарып, қозғалыс қауіпсіздігі күшейді. Қоғамдық көліктердің қатынау уақыты 20 пайызға дейін артқан.

"Тасымалдау қабілетін арттыру, қоғамдық көліктің ғана емес, жедел жәрдем көліктерінің, өрт сөндіру қызметтерінің, сондай-ақ ресми таксидің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалған. Биыл қаланың 7 учаскесінде автобус жолақтары енгізілді. Олар: Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан және Абылайхан даңғылдары мен көшелері", – деді қалалық "Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ басшысының орынбасары Ержан Диханбаев.

"Bus Lane" жобасының арқасында қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігі 25%-ға артты, ал жол жүру уақыты 10 минутқа қысқарды.

"Мемлекет басшысы қоғамдық көліктерге арналған жолақтар бойынша көлік жүргізушілерінің қарбалас сағаттарынан тыс және демалыс күндері қозғалу мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берген еді. Тапсырмаға орай, Абылай хан даңғылы бойынша осы бастаманы енгізу туралы шешім қабылданды. Абылайхан даңғылы бойында Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде пилоттық жоба түрінде уақытқа шектеу қойылған автобус жолағы енгізілді. Яғни қоғамдық көліктер үшін автомобиль жолағы ең "қауырт" шақтарда: таңертең 7:30-дан 9:30-ға дейін және кешке 17:00-ден 20:00-ге дейін қолданылады", – дейді Е. Диханбаев.

Бүгінде елорда тұрғындарына 86 маршрут қызмет көрсетеді, онда 860 автобус жүреді. Күн сайын жарты миллион рейс жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу