Елорданың 75 мыңнан астам тұрғыны ПТР-тест тапсырды

1457

Коронавирус жұқтырғандардың саны 2 есе азайды. 

Елорданың 75 мыңнан астам тұрғыны ПТР-тест тапсырды

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова осылай деді. 

"Қала тұрғындарына 5 вирусологиялық зертхана қызмет көрсетті. Зертханалардың тәулігіне 3 200 адамды ПТР-тесттан өткізу мүмкіндігі  болды", – деді Сәуле Қисықова.

Басқармасының басшысының мәлімдеуінше, бүгінге дейін ПТР-тесттен бөлек 32 мың экспресс-тест жасалды. 

"Мамырдың алғашқы аптасында коронавирус инфекциясының 376 жағдайы тіркелді. Ол кезде орташа өсім 6,4%-ды құрады. Мамырдың екінші аптасында 185 адам анықталды. Орташа өсім 2,3% болды. Бұл вирустың таралуы 2 есе төмендеді деген сөз", – деді Сәуле Қисықова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу