Елорданың "ақылды ауданында" бет-әлпетті танитын домофон орнатылды

892

Сонымен бірге, Бараев көшесіндегі 12-ші үйдің тұрғындары кіреберіс есікті банк картасымен, LRT картасымен немесе мобильді қосымша арқылы да аша алады. 

Елорданың "ақылды ауданында" бет-әлпетті танитын домофон орнатылды

Елорданың "ақылды ауданында" тұрғындардың бет-әлпетін танитын домофон орнатылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Енді сол аумақта тұратындарға домофонның магнит кілтін жоғалтып аламын деп қорықпайды және бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

Сонымен бірге, Бараев көшесіндегі 12-ші үйдің тұрғындары кіреберіс есікті банк картасымен немесе қоғамдық көлікте жүретін LRT картасымен немесе мобильді қосымша арқылы да аша алады. Интеллект жүйелер деректер қорына енген тұлғаларды ғана "таниды" және соларға ғана есікті ашады. Ал деректер қоры тұрғындардың келісімімен ғана толтырылады. Базаға енбегендер әдеттегідей магнит кілтті пайдаланады.

Айта кетейік, "Ақылды аудан" жобасы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Мұнда сынақтан өткен жаңа технологиялар тұтас қалаға қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу