Қазақстан астанасының атауын өзгертуге республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмайды. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
"Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қандай да бір қосымша қаражат қарастырылмайды", – деді Әлихан Смайылов.
Ал мемлекеттік органдардың маңдайшасындағы атауларды өзгерту ағымдағы қаржыландыру есебінен жабылуы мүмкін.
Ал әкімдіктің ақпаратынша, ескі атауларды өзгертуге жыл сайын жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге қарастырылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу